6 Қараша 14:18
...

Арман Сқабылұлы: Тазабектікі «таза» саясат, уақытша «маневр»

Фото:
(өзінің миссионерлерінің қолымен)

Мұхамеджан Тазабек адасқанын мойындап, пәтуаға келді деп жатыр. Жөн-ақ! Сенуге тырысайық. Тек менің оған қояр бір сауалым бар. Осыдан он жыл бұрын «Хабарда» жап-жақсы жұмыс істеп жүрген, болашағы бар, кілең талантты бір топ шәкіртімнің санасын улап , «зомбиға» айналдырып, жетектеп кетіп еді. Арасында жақын достарым да, алдымды кесіп өтпейтін қарындастарым да бар болатын...

М.Тазабек.

Оларды тоқтатуға тырыстық. Әрқайсымен жеке-жеке сөйлесіп те көрдік. Журналист ешқандай ағымда болмау керек дедік. Тазабектердің уағызы біздің ақылымыздан күшті болған болу керек, тыңдамады. Жігіттер ешкі сақалдарын өсірді, қыздар беттерін бүркеді. Кетті! «Асыл арнаға»!

Мұхамеджан дәстүрлі дінге қайта оралса, мен айтып отырған жігіттер мен қыздар да адасқандарын түсініп, жаңа жолға түсе ме?

Қайдам! Ол үшін олардың миларын ауыстыру керек шығар? Тазабектікі «таза» саясат, уақытша «маневр» деп ойлаймын. Ал, ана балалар қайтпек? Олар да жаздық, жаңылдық дей ме?

«Адасып қайта оралған ұл» осыған жауап берсінші!

Арман Сқабылұлының Фейсбук парақшасынан.

Тегтер: