18 Мамыр 16:57

Антикор Түркістан облысы әкімі орынбасарының «ұсталуы» туралы пікір білдірді

Фото:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа мынаны хабарлаймыз. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті емес, бұлтартпау шарасы тағайындалған жоқ», - деді ведомство өкілдері.

Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жарияланбайтыны хабарланды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы хабар таратқан болатын. 

Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін 2019 жылдың наурызынан бастап атқарып келеді.

Тегтер: