USD
USD
USD

АНТИКОР: Мырзахметов АЛАЯҚТЫҚПЕН және АЗҒЫРУМЕН айналысқан

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің не үшін ұсталғанын хабарлады.

АНТИКОР: Мырзахметов АЛАЯҚТЫҚПЕН және АЗҒЫРУМЕН айналысқан
Фото: NEGE.kz

Астана,  NEGE. «10 мамырда Антикор «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.МЫРЗАХМЕТОВТІ ұстады. Ол кәсіпкердің туысын қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін оны аса ірі көлемде пара беруге азғырды және алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді. 

Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оның (А.Мырзахметовтің – ред.) басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», – деп хабарлады Антикор.

Бұған дейін кейбір ақпарат көздері А.Мырзахметовтің 30 млн доллар (13,3 млрд теңге) пара алғанын хабарлаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай