20 Мамыр 21:21

Анасымен сөзге келген 14 жастағы қыз үйінен кетіп қалған

Фото:

Ақтөбе қаласында анасымен ұрсысып, үйіне оралмаған қыз баланы полицейлер анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  18 мамыр күні анасымен жанжалдасу нәтижесінде Ақтөбе қаласында ағайынды Жұбановтар көшесінде тұратын 14 жастағы қыз үйден кетіп қалды. Сол күні сағат 23-20 шамасында 40 жастағы анадан арыз түсірген. Қызы 8-сынып оқушысы бұрын үйінен кетіп көрмеген. Ана қызын өзі тәрбиелеп отырғандығы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім таңертең табылды. Ол үйіне оралғысы келмегендіктен құрбысының үйіне кетіп қалған. Қыз бала анасына берілді. Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды және жасөспірімдер жасындағы ерекшеліктерін ескере отырып, оларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды ұсынады.

Тегтер: