13 Қараша 17:53

А.Молдақасымова жаңа қызметке тағайындалды

Фото:

Айзат Молдақасымова Алматыдағы № 27-ші емхананың бас дәрігері болды.

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты медицина мекемесінің өкілдері растады.

«Иә, Айзат Молдақасымова кешеден бері №27 бас дәрігері болып жұмыс істейді», – деп хабарлады емханадағылар.

Маусым айында Айзат Молдақасымова Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Кейін Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығында сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылды.

Тегтер: