«Алтын Орда» базарына метро баратын болды

25 қараша, 17:56
«Алтын Орда» базарына метро баратын болды
Фото: google.com

Алматы метросы «Алтын Орда» базарына дейін созылмақ.

Алматы, NEGE. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов брифинг барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматыда салынып жатқан метроның бағыты түзетіледі. «Енді метрополитен желісі Қалқаман елді мекені арқылы өтпейді. Батыс арқылы, жаңа Наурызбай ауданы арқылы өтеді. Алатау көшесімен төмен түседі. Қосымша екі станция салынады, соңғысы «Алтын Орда» базарына дейін жетеді. Осылайша Наурызбай ауданының батыс бөлігін қала орталығымен байланыстырамыз», – деді Серік Құсайынов.

Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайыновтың пікірінше, бұл 150 мың тұрғынға ыңғайлы болмақ.