13 Желтоқсан 12:12

«Алматы-Шелек-Хоргос» автожолы ашылды

Фото:

«Алматы-Шелек-Хоргос» авто жолы ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Алматы. NEGE. «Қазақавтожол» ҰК Алматы облысы бойынша филиалы және «Казахавтодор» ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша «Алматы-Шелек-Хоргос» Республикалық маңызы бар автожолдың 25-ші мен 110-ші шақырымы барлық автокөлік түрлері үшін ашылды», - делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында. Естеріңізге сала кетейік, 12-желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған бақыт бойына жол жабылған болатын. Көк тайғақ пен тұман салдарынан барлық көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Тегтер: