30 Мамыр 20:15

Алматының мешіттері ашылды

Фото:

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің төтенше жағдайдан кейінгі Алматы қаласындағы діни объектілердің қызметіне қойылған шектеулерді алып тастау тәртібі туралы айтқан №32-қаулысына сәйкес, Алматы қалалық мешіттері осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген арнайы нұсқаулық негізінде және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимінің талаптарын қатаң сақтай отырып бүгіннен бастап өз жұмысын бастады.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ аталған қаулыға сәйкес, мешіттерде жамағат (бес уақыт намаз, жұма намазы) намаздары оқылмайды, тек жекелеген түрде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып намаз оқуға, дұға етуге рұқсат етіледі.

«Құрметті қала тұрғындары, қадірлі жамағат! Сіздерді Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №32-қаулысынның 1-қосымшасында көрсетілген нұсқаулығына құлақ түріп, ондағы әрбір тармақпен жіті танысып шығуға және мешіттерде енгізілген жаңа талаптар мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Алла Тағала құлшылықтарымыз бен ізгі ниетімізді, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін қылған дұға-тілектерімізді қабыл етсін. Әмин!» – дейді мешіт қызметкерлері.

Тегтер: