Алматының екі көшесіндегі автобус жолағы алынып тасталды

14 қазан, 08:54
Алматының екі көшесіндегі автобус жолағы алынып тасталды
Фото: ғаламтордан

Алматының екі көшесінде автобус жүретін жолдар алынып тасталды.

Алматы, NEGE. «Тәтібеков пен Халиуллин көшелеріндегі арнайы жолақтар Райымбек даңғылымен байланыстырды. Арнайы автобус долақтары бір жыл бұрын салынған. Алайда көще тар болғандықтан, бұл жолақтар көшеде кептеліс тудырды» делінген хабарламада.

2021 жылы асфальт жаңартылған. Алайда жаңартылған тас жолға автобусқа арналған жолақтар тартылмады. Қалалық мобильділік басқармасы ҚР СТ 1412-2017 стандарты бойынша бұл учаскеде автобус жолағын салуға тыйым салынғандығы анықталды деп түсіндірді.

6.2.3 -тармақта «маршруттық көліктерге арналған жолақ бір бағытта үш және одан да көп жолақты жолдар мен (немесе) көшелерде орналасады» делінген.