13 Мамыр 11:21

Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 115 млрд теңге аударған

Фото:

2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30-сәуіріне дейінгі аралықта Медициналық сақтандыру қорына 621 млрд теңге түсті.

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлім етті. «Жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30-сәуіріне дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 115,6 млрд теңгеден астам жарна аударылды.

Оның 86,7 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 28,9 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев. Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 199 мыңнан астам адам 442,7 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеген.

Тегтер: