31 Мамыр 15:15

Алматыдан 235 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Фото:

Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның сейсмикалық стансаларының желісі 31 мамыр күні сағат 11.57-де жер сілкінісін тіркеді.

Алматы, NEGE. Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 235 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5.
Магнитудасы MPV 4.3.

Сезілуі шкаласы туралы мәлімет жоқ.

Тегтер: