25 Сәуір 07:23

Алматыдағы атыс: ПД өкілдері зардап шеккендер туралы ақпарат берді

Фото:

Полиция департаменті "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде өткен арнайы операция кезінде бірде-бір адам зардап шекпегенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Бастапқыда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы арнайы операция кезінде үш адам зардап шеккенін, оның ішінде екеуі арнайы жасақ қызметкері екенін хабарлаған болатын. 

"Бәріне медициналық көмек көрсетілді. (...) Зардап шеккендер ҚДБ медициналық мекемелеріне жеткізілді. Олардың жағдайы туралы қосымша хабарланады", - делінген басқарма хабарламасында.  

Бірақ артынша ведомство өкілдері күзет бқлімінің бір ғана қызметкері зардап шеккені хабарланды. 

Сонымен қатар, полиция өкілдері арнайы жасақ қызметкері зардап шеккені туралы хабарды жоққа шығарды. 

"Арнайы жасақ өкілі де, қарапайым азаматтар да, полиция өкілдері де зардап шеккен жоқ. Күндіз күзетші ғана зардап шекті", - деді Алматы қаласы ПД өкілі Салтанат Әзірбек.  

Тегтер: