Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды
13 сәуір, 07:45
Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімімен барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Рұқсат тек қаланың өмірін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін беріледі. Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялар қалада кедергісіз жүре алады.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 927-ге жетті. 10 адам қайтыс болды, 99 адам айықты.