23 Желтоқсан 16:33

Алматыда жол апаты 30 пайызға төмендеді

Фото:
Алматыда жол апаттарының саны 30 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат

.

Алматы. NEGE.Алматы қаласының әкімшілік полициясы хабарлағандай, жыл басынан бері қалада 2 мың 930 жол апаты болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,1%-ға аз. «Осы апаттардың салдарынан 76 адам қайтыс болған, бұдан басқа 3 мың 427 адам жарақат алған. Барлығы 235 мың 313 жол ережесін бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 24 мың 040-ы жүргізуші. 1 мың 525 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Сот 1 мың 923 адамды көлік басқару құқығынан айырды. 1 мың 38 автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерін бұзудың тежегіші және алдын алу факторларының бірі – «Жол қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады. Оның көмегімен 1 миллион 270 мың 361 құқық бұзушылық тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Тегтер: