Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда жылу бағасы қымбаттауы мүмкін

 Алматыда 2022 жылдан бастап жылу тарифі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы қоғамдық тыңдау барысында белгілі болды.

Алматыда жылу бағасы қымбаттауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қоғамдық тыңдау барысында «Алматы жылу желілері» ЖШС коммерциялық директоры Эльмира Байчигасова табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне жылу энергиясын өндіруші кәсіпорындардан тұтынушыларға беру тарифін өзгерту мәселесін қарау туралы өтініш бергендерін айтты. Өтініш беруге 2017 жылдан бастап енгізілген тарифтік лимиттер мерзімінің бітуі себеп болып отыр.

Тағы бірі, өндірушілерден сатып алынатын жылу тарифінің көтерілуіне сәйкес «Нормативтік техникалық жоғалтулар» бабы бойынша шығындардың өсуі сеп болды «Өтінім нақты шығындар бойынша берілді. Салықтар, көлік шығындары, жалақы, сақтандыру, мемлекеттік қызметтер, еңбекті қорғау, іссапар шығындары, байланыс қызметтері, кеңес беру және аудит қызметтері бойынша», - деді компания өкілі. Сонымен қатар, ол ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті шешім қабылдағанға дейін жылу тарифы көтерілмейтінін атап өтті. Шешім шығарушы комитеттің қорытындысы 30 күнтізбелік күннен кейін белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар