24 Маусым 12:08

Алматыда жылу құбыры жарылды

Фото:

Алматыда жылу құбыры жарылып, көлік, кафе және бағдаршамды зақымдады.

Алматы, NEGE. Жарылған құбырдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда бүлінген көліктер мен кафені көруге болады. «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, төтенше жағдай Алматы қаласының Бостандық ауданында таңғы 05:00-де Гагарин мен Ходжанов көшелерінің қиылысында болған.

«Жылу жүйелерін гидравликалық сынау кезінде диаметрі 800 мл жылу құбыры жарылды. Бұл –1985 жылы салынған ескі құбыр. 35 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Пайдалану мерзімі өтіп кетті. Мұндай құбырлар 25 жыл қызмет етуге арналған. Жарақат алғандар жоқ. Алайда, Автотұрақта тұрған бес көлік пен бағдаршам зақымданды», – деді Алматы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының өкілі Ян Гирин.

Оның айтуынша, көлік иелеріне «Алматы жылу желілері» мекемесі заңға сәйкес өтемақы төлейді.

«Көлік иелері «Алматы жылу желілері» мекемесімен байланысуы керек. Егер көліктерге келтірлген зиян анықталса, онда барлық адамдарға өтемақы төленеді. Келтірілген зиянның мөлшерін комиссия шешеді. Қазір сараптама жүргізілуде», - деді Ян Грин.

Тегтер: