6 Мамыр 15:58

Алматыда жезөкшелердің қарақшылары қолға түсті

Фото:
Алматыда екі ер адам

тек қана жеңіл жүрісті қыздарды тонаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Ер адамдар жарнама арқылы үйінде адам қабылдайтын жезөкше қыздарға телефон соғып, кездесуге келгенде тонап отырған.

«Күдіктілер қыздарды ұрып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Мүмкін базбұзарлар қыздар полицияға арызданудан қорқатындығына сенімді болса керек. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Екеуі де синтетикалық есірткіні тұрақты қолданушылар болып табылады. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қала ішінде жасалған бес қылмыстық эпизод бар. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изольяторына тоғытылды», - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.

Тегтер: