USD
USD
USD

Алматыда студенттер жатақханасынан коронавирус анықталды

Алматыда студенттерге арналған жатақханалардың бірінде коронавирус инфекциясы тіркелді. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте айтты.

Алматыда студенттер жатақханасынан коронавирус анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жатақханалардың бірінен коронавирус анықталды. Індет жұқтырған студенттер ПТР тестін өздері тапсырған. Онда эпидемиологиялық шаралар қабылданды. Байланыс шеңбері анықталды. Барлығы бақылауда», - деді спикер.

Оның айтуынша коронавирус үш студенттен анықталған. Олар бір бөлмеде тұрған жоқ. Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханаларында 2,8 мыңнан астам науқас ем қабылдап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция