29 Мамыр 18:40

Алматыда полиция бөлімі басшысының орынбасары мен жедел уәкіл ұсталды

Фото:
Алматыда Әуезов аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары мен жедел уәкілі ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ дерек көзге сүйене отырып.


Алматы, NEGE. «28 мамырда сағат шамамен 15.00-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер Алматы полиция департаментінің (ПД) өзіндік қауіпсіздік басқармасымен (ӨҚБ) бірге Әуезов АПБ бастығының орынбасары С.Оспанов пен жедел уәкілі М.Мырзағасымовты Т500 мың көлемінде пара алғаны үшін ұстады», - деді дерек көзі жұма күні агенттік тілшісіне.
ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек ол туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен сұрап білуге кеңес берді, ал «оларды ұстау мүмкін ӨҚБ бірге жүргізілді ме?» деген сұраққа ол туралы ақпаратты анықтап, кейін жауап беруге уәде берді.
«Біз әзірге аталмыш ақпаратқа түсінік бермейміз»,- деді өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері Нұрбек Нәбиев.

Тегтер: