USD
USD
USD

Алматыда массаж салоны атын жамылған жезөкшелер үйі анықталды

Алматылық полицейлер жедел іс-шара барысында жезөкшелер үйін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда массаж салоны атын жамылған жезөкшелер үйі анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық полицияның мәліметінше, жезөкшелер үйі Медеу ауданының элиталық секторында орналасқан. Тек тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен.

«Оны Ақмола облысынан келген 31 жастағы В. есімді әйел басқарды. Оның Қарағанды, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келгендерді жұмысқа тартқаны анықталды.Сонымен қатар, Өзбекстан мен Ресей Федерациясының азаматтары да бар. Бұл элиталы үйге кіру оңайға соқпады. Мұнда тек тұрақты, сенімді клиенттерді ғана ішке кіргізеді, тіпті көліктерінің нөмірлерін де ешкім танымас үшін пленкамен жауып тастаған. Үш қабатты ғимаратта сауна мен спа-салон да бар», – деді Алматы қалалық Полиция депаратаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Бұған дейін салон иесі осындай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Бұл жолы оның әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес саралауға жатады. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар сотқа жіберіледі»,- деді полиция өкілі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.