13 Мамыр 17:33

Алматыда Lada бес жаяу жүргіншіні қақты

Фото:

Алматыда Жангелдин-Баянауыл көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Mitsubishi Pajero жүргізушісінің айтуынша, ол Баянауыл көшесі бойымен шығысқа қарай бағыт алған. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда қозғалып, жол қиылысына шығады. Осы кезде оңтүстік бағыттағы қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан автобустың артынан іші жолаушы толы такси - Lada Granta атып шығады. Mitsubishi Pajero тоқтап үлгермей, Lada Granta-ға соғылады. Mitsubishi жүргізушісінің айтуы бойынша, алған соққыдан Лада айналып барып, 5-6 адам тұрған жол шетіндегі жаяу жүргіншілер тротуарына ұшып түседі. Көлік адамдарды қаға-маға, бір әйелді арыққа сұлатып, артынан өзі үстіне барып түскен.

Адамдар бірден жүгіріп, әйелдің сыртқа шығуына көмектесті. Сол әйел мен таксидің екі жолаушысы ауруханаға түсті. Қалған жаяу жүргіншілер онша зардап шеккен жоқ.

Тегтер: