Алматыда көшелердің бірі жаз бойына жабылады
Алматыда жылу желілерін қайта жабдықтау жұмыстарына байланысты жазда Эксперименттік база көшесіндегі жол жабылады.
Алматы, NEGE. Көше 2021 жылдың 8 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жабық болады.
"Шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистраль құбырды жоспарлы ауыстыру жұмыстарына байланысты. Қолайсыздықтарға түсінікпен қарап, бұл учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.
Ғимараттарға ыстық су уақытша ыстық сумен жабдықтау схемасы бойынша беріледі.
Айта кетейік, Алматыда 10 маусымға дейін әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылды.
Қазір оқып жатыр
«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды
Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды
Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған
Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы