26 Қараша 15:40

Алматыда көліктің үстіне ағаш құлап кетті

Фото:

Оқиға 26 қарашада Гоголь мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орын алған. Әлеуметтік желіде куәгерлер оқиғаның видеосын таратуда. Кадрда алып ағаштың жеңіл көлікке құлағанын көруге болады. 

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖ департаментінің хабарлауынша, сағат 13.19-да Медеу ауданының полицейлерінен хабарлама түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Қалдаяқов көшесіндегі №28 үйдің маңында ағаш Kia Rio маркалы автокөлігіне құлаған.

"Оқиға орнына дереу 109 құтқару қызметінің, "Алматы тазалық" және Медеу ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жіберілді. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары аяқталып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ТЖД.

Тегтер: