19 Қараша 14:39

Алматыда көкөніс сататын дүңгіршек өртенді

Фото:

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 қараша күні таңғы сағат 06:58-де Әуезов ауданы «Ақсай-4» ықшамауданындағы №17 үйдің маңайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Алматы, NEGE. Жалын жабық автокөлік тұрағын шарпыды. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Мамандар автотұрақтың аумағында орналасқан көкөніс сататын дүңгіршектің жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын үймен жапсарлас салынған жабық автокөлік тұрағындағы 2 көлік пен шатырына таралып үлгерген. Өрт «Ниссан Премьера» автокөлігінің алдыңғы әйнегін шарпыған»,– делінген Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. Оттың таралуы 24 минутта оқшауландырылып, 07: 36 минутта толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: