Алматыда қылмыс азайып келеді
Осы жылдың 10 айы бойынша қалада қылмыс саны барлық бағытта 47,5% азайды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты.
Полиция басшысының айтуынша, қала бойынша қылмыстық ахуал толық бақылауда және тұрақты.
«Жыл басынан бері қылмыс саны 47,5% азайды. Атап айтқанда, қарақшылық шабуыл-2,0 есеге, зорлау-2,1, тонау-2,2, бөтеннің мүлкін ұрлау-2,4, пәтер ұрлығы-3,0, көлік ұрлығы 2,6 есеге азайды», – деді Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ, көлік ішінен ұрлау фактісі-37,5 есеге, көлік айналардың ұрлануы-2,5, бұзақылық-2,1 және алаяқтық-22,5 есеге төмендеген.
Сонымен қатар, ол қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 11,6% және барлық баптар бойынша жақсарғанын жеткізді.
«Биыл қарулы қарақшылық шабуыл-6,6%, бөтеннің мүлкін ұрлау-6,9%, пәтер тонау 12,6%, тонау 19,9%, өзгенің көлік құралдарын ұрлық ниетінсіз иемдену 5,6%, бұзақылық 13,6%-ға және алаяқтық қылмысының ашылуы 6,7 %-ға артты», – деді ол.