USD
USD
USD

Алматыда қаза тапқан сот орындаушының артында 5 баласы қалды

Жеке сот орындаушысы Сағындық Хибатов Алматыдағы атыстан қаза тапқан әріптесі Мұрат Әбенов туралы айтып берді.

Алматыда қаза тапқан сот орындаушының артында 5 баласы қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сағындық Хибатов пен Мұрат Әбенов кейінгі 10 жылда бірге жұмыс істеген. Ер адам марқұм жұмыста үнемі сабырлы және мейірімді болғанын айтты. Оның айтуынша, Мұрат Әбеновтің бес баласы бар.

"Мен 2011 жылдың 28 тамызынан бастап жұмыс істеймін, Мұрат болса қыркүйегінде келді. Ол сондай ұзын бойлы, сымбатты жігіт, өте сауатты. Көп балалы әке, менің есімде, оның бес баласы бар. Ол - сабырлы, ұстамды, мәдениетті. Өкінішке қарай, ол қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болды, бұл біз үшін үлкен шығын. Мен оның отбасына көңіл айтамын, өкінішті", – деп еске алды жеке сот орындаушысының әріптесі Сағындық Хибатов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар