USD
USD
USD

Алматыда қаржылық пирамида құрғандар ұсталды

Алматыда «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорларын қаржылық пирамида құрды деген күдікпен полиция тұтқындады. 

Алматыда қаржылық пирамида құрғандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру шаралары барысында «Гарант 24 Ломбард» және «Estate Ломбард» директорлары ұсталды, олар бірнеше мәрте қаржы пирамидасына салымшыларды алаяқтық жолмен тартқан деген күдікке ілінді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, аталған қаржы ұйымдары өткен жылдың соңынан бастап әрекет ете бастаған. Олар салымшыларды өз ұйымына қаржы салған жағдайда қомақты қаржы табатындарына сендіріп, нәтижесінде бөтеннің мүлкін қылмыстық жолмен иемденіп алған. Қазіргі таңда аталған қылмысты ұйымдастырушылар ҚР ҚПК-нің 128 бабы бойынша тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Атырау, Павлодар, Тараз және Қарағандыдағы «Гарант-24 Ломбард» ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram