15 Қараша 13:58

Алматыда қару-жарақ шығаратын цех әшкереленді

Фото:

 Алматыда арнайы операция кезінде қару-жарақ жасайтын жасырын цех әшкереленді.

Алматы, NEGE. «Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемде қару-жарақ, ұрыс құралдары, оларды түрлендіруге қажетті заттар табылды. Бұл заттар қылмыстық іске айғақ ретінде тіркелді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287-бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тәркіленген қару-жараққа баллистикалық сараптама тағайындалды», - деді қалалық полиция департаменті. Сараптама қорытындысына сай цехтың кімге тиесілі екені анықталады.

Тегтер: