6 Желтоқсан 12:45

Алматыда карантин тәртібін бұзғандарға 70 млн теңге айыппұл салынды

Фото:

Алматыда қараша, желтоқсан айларында карантин талаптарын бұзғандар көбейді.

Алматы, NEGE. Қараша-желтоқсан айларында Алматыда карантин талаптарын бұзғандарға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Мониторингтік топтар 4000-нан астам нысанды тексерген. Нәтижесінде 945 санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтамау дерегі тіркелді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай 170 заңды және 530 жеке тұлғаға жиыны 770 әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі хаттама толтырылып, айыппұл салынды. 

Тегтер: