USD
USD
USD

Алматыда интернет алаяқтарды анықтайтын арнайы топ құрылды

 Жеңіл ақша табуды көздейтін алаяқтар халықты интернет арқылы тонауға көшкен. Алматы полициясы оның алдын алу үшін арнайы топ құрды.

Алматыда интернет алаяқтарды анықтайтын арнайы топ құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаменті интернеттегі алаяқтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында танымал интернет-ресурстарының қауіпсіздік қызметі басшыларымен және төлем компаниялары, екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен кездесу өткізген. «Департаментте ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сондай-ақ, алаяқтық жарнамасы бар сайттар анықталуда, олар «Кибербақылау» жүйесі арқылы бұғаттау үшін ІІМ жіберіледі. Жыл басынан бері барлығы 457 сайт бұғатталды. Біз қоғамды ғаламтор арқылы алаяқтық жасау және алдын алу жолдары туралы үнемі хабардар етіп отырамыз», - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Сонымен қатар, ол жыл басынан бері Алматыда 2 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелгенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Хантавирус

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Тоқаев

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

жеке дерек