25 Мамыр 17:23

Алматыда індет өсімі 1,7 пайызға жетті

Фото:
Алматыда коронавирустық инфекцияның күнделікті өсімі 1,7 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты

.

Алматы, NEGE.  Оның айтуынша, қалада вирус жұқтырғандардың саны 2201 адамға жеткен. «Оның 84,3 пайызы ауырған адаммен байланыста болғандар. Жазылып шыққандардың саны 1319-ға жетті. Кеше 37 жаңа жағдай тіркелді. Өсім көрсеткіші 1,7 пайыз болды. Сондықтан, бүгіннен бастап азық-түлік базарлары, қоғамдық тамақтану орындары ашылды. Қонақүйлер іске қосылды. Ауданы 500 шаршы метр асатын сауда орталықтары жұмысқа қосылды», - деді Жандарбек Бекшин.

Тегтер: