27 Мамыр 16:43

Алматыда COVID-19 жұқтырғандар жатқан үш аурухана қалыпты режимге ауысты

Фото:

Алматыда коронавирус жұқтырғандар жатқызылатын бірнеше госпиталь жабылды, – деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, қалада коронавирус жұқтырған науқастардың ауруханаға түсу жағдайы төмендеген. Нәтижесінде №1 перзентхана мен екі аурухана қалыпты жұмыс режимдеріне көшкен. Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы мұқият дезинфекциядан өткізіліп, бұрынғы жұмыс режиміне көшеді.

 Қорғаныс министрлігі ауруханасынан коронавируспен жатқызылған соңғы науқастар емделіп шықты.

«Сондай-ақ, Halyk Arena-да орналасқан жұқпалы аурухана және қайта жасақталған ауруханалар, оның бірі – теміржол емханасы, №1 Қалалық клиникалық аурухана және Қалалық кардиологиялық орталық коронавирус жұқтырған науқастарды күту жүйесінен алынады», – делінген хабарламада.

Бүгінде коронавирус жұқтырған 2035 адам ауруханаларда жатыр. Жалпы қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек сыйымдылығы – 5 940 орын. Бүгінде үй жағдайында алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мобильді топтар қадағалауындағы 2 198 науқас бар, оның 306-сы симптомсыз, 1892-сі жеңіл және 90-ы орташа ауырлық дәрежесінде. Стационарлық науқастардың жалпы санынан 360 жұқпалы аурулар ауруханаларынан одан әрі бақылау және амбулаториялық жағдайда оқшаулау үшін шығарылды.

Тегтер: