USD
USD
USD

Алматыда болған жайттарды полицей өлең жолдарымен баяндады (видео)

Алматыда болған оқиғаларды Бостандық аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Динара Мағзұмова өлеңмен баяндады.

Алматыда болған жайттарды полицей өлең жолдарымен баяндады (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің жолдасым да полиция қызметкері. Бес күн бойы тәртіпсіздіктер мен полиция ғимараттарына жасалған лаңкестік әрекеттердің жолын кесуге қызмет етті. Біз - жас отбасымыз. Шынымды айтсам, мен ол үшін қатты уайымдадым. 4 қаңтарда бүкіл жеке құрам қызметкерлері арнайы дабылмен шақырылғанда, мен асығыс ұялы телефоныма төрт шумақ өлеңімді теріп, жолдасымды қолдау үшін жібердім. Біраз уақыттан кейін «Кең байтақ – рухты ел қазақ даласы!» деп осы шығарманы жаздым», – дейді аға лейтенант Динара Мағзұмова.

Оның айтуынша, ол бала кезінен өлең жазады. Кітап шығару ойында бар.

«Бірақ бұл болашақтың еншісінде. Ал әзірше мен өзімді елдің амандығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуге арнадым», - деді, полиция инспекторы.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік