7 Желтоқсан 16:06

Алматыда бір қоймадан 254 атыс қаруы табылды

Фото:

Ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. NEGE. «2020 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Алматы қаласы ПД бірлесіп «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны анықталды», – деп жазылған хабарламада. Қару-жарақ сақталған ғимараттың айналасы қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзет тек екі қызметкердің күшімен қамтамасыз етілген. Осылайша ведомство қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылдаған. Нәтижесінде қоймадан 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. «Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу шаралары жалғасуда», – деп жазылған хабарламада.

Тегтер: