USD
USD
USD

Алматыда Бекшинді жиі сынаған блогерді сабап кетті

Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда Бекшинді жиі сынаған блогерді сабап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол өзін сабап кеткені туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, сурет жүктеді.

«Малдар. Тәртіп болмайынша, біз қалыпты өмір сүре алмаймыз. Олар мені сабап, тонап кетті.... Тура театрдың алдында!» - деп жазды ол Facebook-те суретін жүктей отырып.

Алматы қалалық полициясы департаменті бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы, "Қарақшылық" бойынша тіркелгенін және оқиғаның орын алған жеріне қатысты Алмалы аудандық ПБ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтіндігін хабарлаймыз», - деп түсіндірді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Кудрявцев және басқа блогерлер тобы белгілі бір жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді. Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының назары оның Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларын сынаған видеоларына ауған еді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті