29 Маусым 11:58

Алматыда барахолка өртенді

Фото:

Алматы барахолкасында жиһаз цехі өртенді. 

Aлматы, NEGE. ТЖД мәліметінше, өрт Алатау ауданы «Шапағат» ықшамауданында сағат 9.50-де басталған. 

«Ауданда су деңгейі аз болғандықтан, қазір онда үздіксіз су жеткізіліп жатыр. Өрттің аумағы - 120 шаршы метр. Өрт сөндірушілер өртті сағат 10.36-да тоқтатты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 6 техника және жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Тегтер: