14 Мамыр 14:43

Алматыда әуе апатынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

Фото:

Әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы тұрақты.

Алматы, NEGE. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлім етті.

«Екі науқастың да жағдайы тұрақты. Олар реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Палатада ем алады», - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17:22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Тегтер: