16 Шілде 12:21

Алматыда «арнайы операция» жүріп жатыр

Фото:

Бүгін Kozachkov offside Телеграм-каналы Алматы қаласының «Орбита» ықшамауданында арнайы операция жүріп жатқанын хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бұл не қылған арнайы операция? Үйге кіре берістердің бәрі жабылды», – деп жазды Телеграм-канал.

Тілшіміз оқиғаның мән-жайын анықтады.

Бүгін Алматының Бостандық ауданында, Орбита-3 шағынауданының 5 ғимараты, N145 жалпы білім беретін мектепте сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жоспарланған антитеррорлық оқытулар өтіп жатыр.

«Білім беру міндеттері терроризмге осал нысандардағы терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, оқыту кезінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Расталмаған ақпаратты немесе фото және видео кескіндерді жариялаудан аулақ болуларыңызды сұраймыз.  Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әдейі жалған ақпарат тарату ҚР ҚК-нің 274 бабына сәйкес заңмен қудаланатынын еске саламыз», – деп мәлімдеді Алматы қаласының терроризмге қарсы жедел штабы.

Мамандар осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқытуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Тегтер: