12 Мамыр 15:13

Алматыда ақылы автотұрақтар қашан жұмыс істейді?

Фото:

18 мамырда Алматы қаласындағы ақылы көлік тұрақтары жұмысын бастайды. Барлық паркоматта үнемі санитарлық тазалық шарасы жүргізіледі. Жүргізушілер төлемақыны медициналық қолғаппен жүргізіп, арақашықты сақтауы қажет.

Алматы, NEGE. Барлық абонемент пен резидент келісімдері карантин кезеңінде жұмыс істемейтін барлық мерзімге автоматты түрде жаңартылады.

"Қазіргі уақытта ең тиімді төлем әдісі - қолма-қол ақшасыз төлемдер. "Парковки Алматы" мобильді қосымшасын қолданыңыз немесе мобильді банкинг арқылы төлем жасауға да болады. Банкіңіздің қосымшасында AParking немесе Almaty Parking бөлімін табыңыз және автокөліктен шықпай тұраққа ақы төлеуге мүмкіндік бар", - делінген AParking компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Қазіргі таңда компанияның кеңсесі әлі де жабық әрі келушілерді қабылдамайды. Қандай да бір мәселелерді шешу үшін сіз келесі қызметтерді пайдалана аласыз:

Қолдау қызметі: +7 (727) 331-39-49
Веб-сайт: www.aparking.kz
Өтінішті онлайн қабылдау: docs.aparking.kz
Жиі қойылатын сұрақтар: help.aparking.kz
 Электрон пошта: [email protected]
Алматы

Тегтер: