24 Мамыр 16:16

Алматыда 25 мамырдан бастап маскасыз жүруге болмайды

Фото:
Алматыда 25 мамырдан бастап 100 пайыз маскалық режим енгізіледі. Бүгінде қаладағы әрбір ауданда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

.

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметінше, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада масқалық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру үшін арнайы топ құрылған. 

Қаладағы Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу, Наурызбай және Алатау аудандары бойынша құрылған арнайы топ құрамына кірген әкімдік, полиция, медицина қызметкерлері мен волонтерлар қала тұрғындарын карантин режимін сақтауға, сондай-ақ ең алдымен медициналық маска тағып жүруге шақырады. 

Қазіргі таңда қаладағы әрбір ауданда құрылған арнайы топтар халық шоғырланған жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Алматыда барлығы 1656 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 1197 адам аурудан айығып шықса, қала бойынша 10 адам қайтыс болған. 

Тегтер: