29 Сәуір 16:35

Алматы зообағында ягуар өмірге келді

Фото:
Алматы зообағында ягуар өмірге келді. Бұл туралы зообақтың Instagram-парақшасында жария болды

.

Алматы. NEGE. Жаңа туған ягуардың анасы Момын 2010 жылы Алматы хайуанаттар бағында туған екен. Әкесі Василий зообаққа 2014 жылы Новосибирскіден әкелінгені хабарланды.

"Момын мен Василийдің тұңғыштары 2019 жылы туған болатын. Естеріңізде болса, алыстағы Аустралия құрылығында алапат өрт болып, осы оқиғаға жанашырлық танытып, қолдау білдіргеніміздің белгісі ретінде, арнайы байқау жариялап, оған Аустралия деген атты таңдағанбыз. Ол анасына тартып, теңбіл болып туды.

Енді, оның жақында ғана, 17 наурызда дүниеге келген інісі әкесіне тартқан - қара", - делінген хабарламада.

Зообақ мәліметінше, ягуарлар күнделікті 3 келі ет жейді. Қазіргі уақытта ягуардың анасының азықтық рационы 4.5 келіге көбейтілген.

Тегтер: