USD
USD
USD

Алматы тұрғыны екі адамға пышақ салды: біреуі қаза тапты

Алматы тұрғыны көшеде өтіп бара жатқан екі адамға пышақпен шабуыл жасады. Олардың біреуі қаза болды, – деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Алматы тұрғыны екі адамға пышақ салды: біреуі қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Теректі шағын ауданында бірнеше пышақ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтады: құжаттары өзінде болған. Бастапқы тергеу жүргізу барысында полицейлер қылмыстың куәгерін тапқан. Ол марқұмның досы болып шықты.

«Куәгердің айтуынша, көшеде оларға екі пышақ ұстаған белгісіз адам шабуыл жасаған. Марқұмның денесінде 10-ға жуық пышақ жарақаты болды. Куәгер де бірнеше жерінен жараланған. Бірақ денсаулығына қауіп жоқ. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол 20 жастағы жергілікті тұрғын, токсикоман екені анықталды. Оның айтуынша, ол есін жоғалтып, көзіне түрлі галлюцинация көрінген. Оның бұрын тонау әрекеті үшін сотталғаны белгілі болды», –делінген полиция хабарламасында.

Дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Митинг

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Оқушылар

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Кайсар уалихан

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Temu