20 Қаңтар 13:39

Алматы трагедиясына арналған еске алу мемориалы салынады

Фото:

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаңтар оқиғаларына арналып салынатын монументтің эскизін әзірлеуге ашық сәулет байқауы жарияланғанын айтты.

Алматы, NEGE. “ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қаңтар оқиғаларына арналып салынатын монументін эскизін әзірлеуге ашық сайлау байқауы жарияланды”, – деді Сағынтаев бейсенбіде өткен жиналыста.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын қорғауда жанын қиған батырлардың құрметіне пантеон салуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы пантеонға Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін жанын пида еткен жандардың есімдері жазылатынын атап өткен.

Тегтер: