Алматы тауларында адасып кеткен ерлі-зайыптылар құтқарылды
Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда ерлі-зайыптыларды құтқарды.

Алматы,NEGE. 30 мамыр күні республикалық жедел-құтқару жасағына «Лесная Сказка» демалыс аймағында адасып кеткен ерлі-зайыптылар туралы хабарлама түсті. Ақпаратты алғаннан кейін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін республикалық жедел-құтқару тобы мен кинологиялық жасақ жолға шықты.
«Қолда бар ақпаратты басшылыққа ала отырып, республикалық жедел-құтқару жасағы мен демалыс аймағының құтқарушылары ерлі-зайыптыларды тез тауып алды. Туристерді автотұраққа дейін жеткізіп, туыстарына тапсырды» делінген хабарламада.
Қазір оқып жатыр
Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

