Алматы облысының санитария дәрігері ұятқа қалды

13 қыркүйек, 15:39
Алматы облысының санитария дәрігері ұятқа қалды
Фото: ғаламтордан

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОКҚ брифингі барысында өңірдің бас санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов сұрақтарға жауап берді. Брифинг кезінде "Алтын Орда" базарының жұмысы туралы сұрақ қойылғанда оған жауап беруге әлдекімдердің көмектескені эфирге түсіп қалды.

Алматы, NEGE. Ерғали Сыдымановтан журналист "Алматы облысында кәсіпкерлерге қатысты қандай карантин шектеулері енгізілгеніне қарамастан, неге ол "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда үйінің жұмысына әсер етпейтінін" сұрады. 

"Базар республикалық деп айтыңыз, бірақ онда қажетті шектеулер бар", - деді әлдебіреу өңірдің бас снитария дәрігеріне сыбырлап.

Ерғали Сыдыманов айтылғанды қайталады. Брифингке Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров те қатысқан. Шамасы, олардың біреуі "көмектескен" болуы мүмкін.