9 Маусым 20:16

Алматы облысының полицейлері тұтас марихуана плантациясының жолын кесті

Фото:

Полиция қызметкерлері “наркоагроном” деп атауға келетін тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алакөл ауданы Қабанбай ауылының тұрғыны марихуананы өз бақшасында өсірген. “Есірткі” жедел алдын алу іс-шарасы барысында жедел қызметтер үйінің бақшасында есірткі өсімдіктігінің тұтас плантациясын өсірген 57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сарапшылар өсірілген есірткі өсімдігінің – марихуана екенін айтты. Жалпы, күдіктіден құрамында есірткі заты бар 202 түп өсімдік тәркіленген. Ресми рәсімдерден кейін күдікті қарасораны жеке өзі тауып, оны үйінің жанындағы учаскеге отырғызғанын және оны баптап, күткенін мойындады. Ұсталған адам тыйым салынған “шөпті” өзі үшін өсіргенін жеткізген. Ол бұған дейін де есірткі заттарын сақтағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Тегтер: