USD
USD
USD

Алматы облысындағы Сарқан ауданы әкімдігінің бөлім басшысы қамауға алынды

Алматы облысы Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сәбит Ғабитұлы мемлекеттің 32 млн теңге ақшасын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Алматы облысындағы Сарқан ауданы әкімдігінің бөлім басшысы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ресми мәліметінше, Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сәбит Ғабитұлы аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған.

«Аталған бөлімнің басшысы мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» аясында бөлінген қаржынының 32,9 млн теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталды. Яғни, аталған қомақты қаражат Сарқан ауданының Бақалы, Алмалы және Көкөзек ауылдарындағы спорттық алаңдарына бөлінген. Қазір аталған бөлім басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме