22 Желтоқсан 12:30

Алматы облысында жолдан табылған балаға байланысты полиция пікір білдірді

Фото:

Алматы облысында жолдан табылған балаға байланысты полиция пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Жолдан табылған бала бойынша мән-жай анықталып жатыр. Оның ата-анасына қолданылатын шара бойынша ақпарат беріледі», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін белгісіз ер азамат жолдың бойынан кішкентай ұл баланың жүргенін байқап, оны бейнежазбаға түсіріп, ата-анасын табуға көмек сұраған болатын.

«Ақши база жақтан келе жатырмын. Жолда келе жатып, трассадан бала тауып алдым», - дейді бейнежазба авторы баланы көрсете отырып.

Сондай-ақ ол баладан ата-анасының қайда екенін сұрайды. «Ана жақта», - деп бала жауап береді. Бірақ бейнежазбада жақын маңда ешкімнің көрінбейтінін байқауға болады.

Тегтер: