Алматы облысында тағы 13 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды

06 мамыр, 22:11
Алматы облысында тағы 13 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды
Фото: ғаламтордан алынды

 Алматы облысында коронавирустың 13 жағдайы тіркелді. Олардың 7-еуі – Кеген ауданының, 5-еуі – Іле ауданының, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE.Олар Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандық орталық ауруханаларының инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды. 
Індет ошақтары дезинфекцияланды. 
Науқастармен байланыста болған 12 адам да медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасады. 
Жалпы Алматы облысында бүгінгі күні COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 176-ке жетті, жазылғандар – 40.