9 Мамыр 10:49

Алматы облысында 64 соғыс ардагері қалды

Фото:

Солардың қатарында Ермұхан Рысбеков пен Гаврил Мойсеев есімді қарт майдангерлер бар, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Алматы, NEGE.  Өмірінің 98-ші көктемін қарсы алған Гаврил Мойсеев күні бүгінге дейін үй ішінде өзі жүріп тұрады. Көзі көріп, құлағы естуден қалса да қарт майдангер соғыс жылдарын жадынан еш шығарған емес.19 жасында әскер қатарына шақырылған ол 219 атқыштар дивизиясы сапында Батыс Ресей майданында соғысыпты. 1943 жылы Белград түбіндегі кезекті шайқастардың бірінде жарақаттанып, тыл еңбеккерлерінің қатарына қосылған екен.  "Мына ауылда ардагерлерден мен ғана қалдым. Бейбітшілік пен тыныштықтың болғаны жақсы. Бірақ жастар Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы білуі керек. Біз қар жастанып жаттық. Соғыс деген енді ешқашан болмасын" дейді ардагер.

Өткен жылы Жеңістің 74 жылдығын Алматы облысында жүзден аса қарт майдангер қарсы алған еді. Биыл 64-і қалып отыр.  Олардың ерен ерлігі, ел жадында мәңгі сақталмақ.

Тегтер: